Қазақстандық боксшы қыз 2 жылға жарыстардан шеттетілді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық боксшы қыз 2 жылға жарыстардан шеттетілді
Фото ©️ kfb.kz

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы сапында жұдырықтасатын Назым Ищанова антидопинг ережесін бұзғаны үшін 2 жыл жарыстарға қатыспайды. Бұл туралы Ұлттық антидопинг орталығына (KazNADC) сілтеме жасап Vesti.kz сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Боксшы қыздың қан сынамасынан тыйым салынған фуросемид препараты табылған. Негізінен бұл дәрі допинг болып саналмайды. Дегенмен ағзадағы ауыр заттардың ыдырауын жеделдету үшін қолданылады. Салмақ тастауға көмектеседі.

Ұлттық антидопинг орталығының ресми сайтында Назым Ищановаға қатысты шешім де жарияланған. Боксшы қыз 2020 жылдың 25 қарашасына дейін жарыстарға қатыспайды.

Назым 2013 және 2015 жылдары жастар арасындағы әлем чемпионатында қола алған. Ел чемпионатында бірнеше рет топ жарған. Өткен жылы Үндістанда өткен әлем чемпионатында бақ сынаған.