Балуан қыз Эльмира Сыздықова Красноярскіде өтіп жатқан "Иван Ярыгин Гран-приі" халықаралық турнирінде топ жарды. Отандасымыз 76 килоға дейінгі салмақта чемпион атанды.
БӨЛІСУ
Эльмира финалда Беларусь спортшысы Ксения Дзибукты 15:4 есебімен ұтты. Жартылай финалда ресейлік Мария Силинаны таза жеңіп шыққан болатын.
29 жастағы қазақ қызы осыған дейін Азия чемпионы болған, 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.