Фиджи елінің астанасы Суведе өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль түсті. 81 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Карина Құзғанбаева топ жарды.
Қазақстандық ауыр атлетке тең келер қарсылас табылған жоқ. Серпе көтеру мен жұлқа көтеруде де үздік шығып, кіші алтын медальды да еншіледі.
Отандасымыз қос жаттығу нәтижесі бойынша 224 килоны (98+126) еңсерді. Күміс жүлде кореялық Хен Чжу Чжанға бұйырды. Бұл спортшы 221 кило (97+124) нәтиже көрсетті. Үшінші орынға ресейлік Екатерина Визгина табан тіреді. Ол барлығы 206 кило (93+113) көтерді.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында Каринаның алтыны мен кеше Артем Захаров иеленген күміс жүлде бар. Ертең жарыс жолына 87 кило салмақта Дарья Ахмерова шығады.