Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатынан кейін Азияда алтын алды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатынан кейін Азияда алтын алды
Фото ©️ olympic.kz

Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Дохада (Қатар) өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды msports.kz.

БӨЛІСУ

Алексей Чуркин жарыста 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Қоссайыстың нәтижесі бойынша ол 360 (163+197) келі көтерді.

Екінші орынды ирандық Илия Салехипур 356 (161+195) келі көтеріп еншіледі. Қола жүлдені де ирандық ауыр атлет иеленді. Аббаспур Алиреза 355 (159+196) келімен үштікті түйіндеді. 

Айта кетейік, жақында ғана Манама қаласында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында Алексей Чуркин күміс жүлдеге ие болған еді.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000-ға дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!