Алексей Чуркин ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
Алексей Чуркин ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Фото ©️ olympic.kz

Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Ол 81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Чуркин екі сайыс қорытындысы бойынша 368 (164+204) келіні еңсерді. Осы нәтиженің арқасында үшінші орынды иеленді.

Ри Чон Чон (Солтүстік Корея) 371 (166+205) келі көтеріп, әлем чемпионы атанды. 

Мұхаммедқодир Тоштемиров 355 (165+190) келі салмақты бағындырып, қола жүлдені жеңіп алды.

Бұл салмақта қазақстандық Александр Уваров та өнер көрсетті. Ол бесінші орынды місе тұтты - 351 (160+191) келі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз