Қазақстан ММА федерациясына халықаралық мәртебе берілді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстан ММА федерациясына халықаралық мәртебе берілді
Фото ©️ vesti.kz

Қазақстан ММА федерациясы халықаралық ұйымның қатарына қосылды. "Аралас жекпе-жектен біріккен Қазақстан ММА федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігі ресми түрде IMMAF-WMMAA халықаралық аралас жекпе-жек федерациясының құрамына кірді. 

БӨЛІСУ

Аталмыш халықаралық ұйымның мүшесі болуы арқылы Аралас жекпе-жек біріккен Қазақстан ММА федерациясы Қазақстандағы аралас жекпе-жек спорт түрін дамытуға арналған елдегі жалғыз ұйым деген құқыққа ресми түрде ие болды.

Осы халықаралық ұйымға мүшелік бұдан былай қазақстандық ММА біріккен федерациясы Қазақстанда аралас жекпе-жекті дамыту жөніндегі жалғыз уәкілетті орган болып табылатынын білдіреді.

Федерацияның құзыретіне аралас жекпе-жек бойынша ұлттық біріншіліктерді өткізу және халықаралық турнирлерге (әлем чемпионаттары, континенттің біріншілігі) қатысу үшін Қазақстан құрамасының құрамын қалыптастыру құқығы кіреді.

Қазақстанда 2018 жылдың желтоқсан айында бірнеше ММА федерацияларын біріктірген – "Қазақстанның ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегі бойынша біріккен федерациясы" РҚБ жаңа құрылымы құрылды. Аталмыш ұйымға қазақстандық танымал спорт насихаттаушысы Ғалымжан Есенов басшы болды, ал бас директоры – Валихан Тен. Қоғамдық бірлестік каратэ, жекпе-жек, толық қатынасты спорт түрлері және де ММА аралас жекпе-жегі сияқты 4 бағытты қатар дамытып келеді.

Жарты жыл ішінде жаңа басқару жүйесі де өз нәтижесін берді.  Аралас жекпе-жек бойынша ММА Қазақстан Республикасының құрамасы Тайландта 2019 жылғы Азия чемпионатының абсолютті рекордын орнатып, 7 алтын, 9 күміс, 5 қола медальға қол жеткізді. Жалпыкомандалық есепте бірінші орын алған құрама сары құрлықтағы ең мықтылардың қатарына кірді.