Evening Standard басылымы ағылшын премьер-лигасында ең көп бұзақылық жасайтын команда жанкүйерлерін анықтады. Олардың зерттеуі бойынша, үшінші жыл қатарынан "Вест Хэм" фанаттары көш басында тұр, – деп хабарлайды msports.kz сайты.
2023/24 жылғы футбол маусымында 2 584 бұзақылық іс тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға артқанын байқатады, – деп жазады басылым.
"Вест Хэм" жанкүйерлерінің қатысуымен 103 қамауға алыну ісі қаралған. Одан кейінгі орындарда – манчестерлік командалар. Олардың фанаттарына қарсы 88 іс қозғалған. "Арсенал" (85) мен "Челси" (67) жанкүйерлері де жиі тәртіп бұзатындар қатарында болып шықты.
Жанкүйерлердің көбі қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қамалған.