Қазақстан құрамасы Молдовамен жолдастық кездесу өткізеді

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Нұржігіт Айдархан>
Қазақстан құрамасы Молдовамен жолдастық кездесу өткізеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 18 ақпан күні Молдова құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы ҚФФ Құрама командалар департаментінің директоры Владимир Нидергаус хабарлады.

БӨЛІСУ

Кездесу ұлттық құраманың 11 және 19 ақпан аралығында Түркия жерінде өтетін оқу-жаттығу жиындарын аясында ұйымдастырылады. Бұл ойын 18 ақпан күні Анталия қаласында өтеді деп жоспарлануда. 

Молдова құрамасы Халықаралық футбол қауымдастығының (ФИФА) рейтингінде 121 сатыда орналасқан. Құраманың бас бапкері - Александр Куртиян. 

Қазақстан құрамасы Молдовамен 2013 жылы кездесу өткізген болатын. Ол кезде Мирослав Беранек баптайтын ел футболшылары жеңіске жетті. Кездесуде Қазақстан сапынан Виктор Дмитренко мергендігімен көзге түссе, Бауыржан Жолшиев екі мәрте нәтижелі болды. Қонақтар қатарынан Анатолий Дорош бір ғана доппен жауап қатты. Қорытынды есеп - 3:1. 

Дәл осы оқу-жаттығу жиындары барысында Қазақстан құрамасы тағы да бір жолдастық кездесуге өткізеді. Ойын шамамен 14 немесе 15 ақпан күндері өтеді. Бірақ, ол ойында қарсыластарымыздың кім болатыны әлі белгісіз.

Сурет: sport.nur.kz