Қазақ боксшылары Олимпиададан кейінгі дайындығын бастады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақ боксшылары Олимпиададан кейінгі дайындығын бастады
Фото ©️ vesti.kz

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Риодағы Олимпиада ойындарынан кейінгі дайындығын бастады. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Астанадағы бокс Орталығына Жәнібектен өзге Олимпиадаға қатысқан боксшылардың барлығы жиналды. Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой боксқа ауысқан болатын. Ол 29 қазан күні Қанат Ислам мен Патрик Аллотей кездесуінің андеркартында алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

- Көп демалуға болмайды. Бұлар кәсіби спортшылар. Біздің жоспарымыз бойынша осы дайындық жұмыстары бар болатын. Жігіттер бір ай тынықты. Өзге спорт түрлерін білмедім, боксшылар үшін осы демалыс жеткілікті деп ойлаймын. Лондон Олимпиадасынан кейін де бір ай демалыс болған. Меніңше, бір айда жақсы тынығуға болады. Бұл – қалыпқа келу жаттығулары. Сондай-ақ, боксшылар жарақаттары болса, ем қабылдайтын да болады, - деді ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов.

Ұлттық құраманың бір аптаға созылатын жаттығу жиынынан кейін боксшылар жекелей жаттығуларына кіріседі. 19-27 қараша аралығында Павлодарда ел біріншілігі өтеді. Бұл додаға Олимпиадада орын алған боксшылар қатыспайды. Ұлттық құрама боксшылары келесі жаттығу жиынын желтоқсан айында Сарыағашта өткізуде жоспарлап отыр.