"Қайрат" футзал клубы Алматыда өтіп жатқан УЕФА кубогының финалына шыға алмады. Жартылай финалда Испанияның "Интер Мовистар" клубына 3:2 есебімен ұтылды.
"Алматы Аренада" өткен ойында бірінші болып "Қайрат" ойыншылары есеп ашты. 5 минутта Кабреуваның тепкен добы қарсыластар қақпасынан табылды. Кейіннен испандық клуб қатарынан Рикардинью есепті теңестірді. 16 минутта Игор кезекті рет "Қайратты"алға шығарды.
Екінші таймда Рикардинью пенальтиді сәтті орындап, қайта таразы басын теңестірді. Ал ойынның аяқталуына бір минут қалғанда "Интер Мовистар" капитаны Ортис командасына жеңіс сыйлаған голды соқты. Какау шәкірттері есепті теңестіре алмады.
Жартылай финалдық екінші ойында Португалияның "Спортинг" клубы Ресейдің "Газром-Югра" командасын 2:1 есебімен ұтты.
Үшінші орын және финалдық кездесу 30 сәуір күні өтеді.