Қарағанды облысының әкімі Головкинді туған күнімен құттықтады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қарағанды облысының әкімі Головкинді туған күнімен құттықтады
Фото ©️ twitter.com/@EQoshanov

Бүгін қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен егізі Максим Головкиннің туған күні. Қазақ спортының абыройын әлемдік аренаға көтерген спортшы 37 жасқа толды. Боксшыны Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов twitter желісінде арнайы құттықтады.

БӨЛІСУ

- Бүгін Қазақстанның батыры, атақты чемпион @GGGBoxing туған күні! Мықты денсаулық, бар жақсылық тілеймін. Сені мақтан тұтамыз! Жаңа жеңістер тілейміз! Біз әрқашан сенімен біргеміз!, -деп жазды әкім.

Егіз Головкиндер 1982 жылдың 8 сәуірінде Қарағанды қаласында дүниеге келген. Әкесі кәсібі бойынша кенші болса, анасы химиялық лабораторияда көмекшілік қызметте болған. "Әкем – орыс, шешем – кәріс, ал мен – қазақпын" деген Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы ең алғашқы жекпе-жегін 2006 жылы 6 мамырда өткізген. Содан бері шаршы алаңға 38 рет шығып, 36-да жеңіске жетті. Мексикалық Сауль Альвареске қарсы бір жекпе-жекте тең түсіп, бір кездесуде жеңіліс тапты.

Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі маусым айына жоспарланған. Қарсыласы әзірге белгісіз. Дегенмен бейресми ақпараттар бойынша WBC Silver белбеуінің иегері француз Хассан Ндам Нжикаммен жұдырықтасуы мүмкін.