Жеңіске жетпеген «Жетісу» бас бапкерсіз қалды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Жеңіске жетпеген «Жетісу» бас бапкерсіз қалды

Футболдан ел премьер-лигасының VIII тур ойындарынан кейін Талдықорғанның «Жетісу» клубы бас бапкері Асқар Қожабергеновті қызметінен босатты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Жаңа маусымды «Жетісу» сәтсіз бастады. VIII тур қорытындысы бойынша бес рет ұтылып, үш рет тең түсті. Премьер-лигадағы жеңіске жетпеген жалғыз клуб. Сегіз ойында төрт гол соғып, өз қақпасына 12 доп жіберіп алды. Нәтижесінде турнир кестесінің соңғы орнында тұр.

Талдықорғандық клубтың ресми сайты таратқан ақпарат бойынша, бас бапкер қызметінен өз еркімен кеткен. Клубты алдағы уақытта Иван Азовский жаттықтыра тұратын болады.

Асқар Қожабергенов «Жетісу» тізгінін өткен маусымның соңында ұстаған болатын. Ал оған дейін клубты ресейлік бапкер Омари Тетрадзе жаттықтырып келген еді. 

Айта кетейік, ел премьер-лигасының жаңа маусымында бапкерлердің қызметінен кетуі алғаш рет орын алып отырған жоқ. Осыған дейін Қостанайдың «Тобыл» клубының бас бапкері Вардан Минасян да қызметімен ерте "қоштасқан" болатын.

Сурет: fc-aktobe.kz