Қазақстандық балуан қыз Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Отандасымыз финалда жапон қызы Масако Фуричиге жол берді.
БӨЛІСУ
Айқасқа толы өткен 72 килоға дейінгі салмақтың финалдық белдесуіенде Масако Фуричи 3:0 есебімен жеңіске жетті. Жәмиланың айла-тәсілдерін жапон қызы жүзеге асыртпады.
Жәмила жеңіске жеткенде күрестен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ қызы атанар еді. Алда балуан қыз бұл жетістік шыңын бағындырады деп сенім артамыз.
Қазақ қызы ұлттық құрама қоржынына алғашқы медальды салды. Осыған дейін боз кілемге шыққан қазақстандық балуандар жүлделі орынға ілікпеген еді. Алда грек-рим күресі шеберлері жарысты бастайды.