Ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильиннің жары Наталья Ильина-Кулакова Францияның «Ницца» гандбол командасымен келісім-шарт жасасты. Бұл туралы vesti.kz спорт порталы хабарлайды.
Жаңажылдық мерекеден соң «Алматы» гандбол командасының ойыншысы Францияға жол тартқан. Ол жақта Наталья Кулакова Францияның жоғарғы біріншілігінде өнер өнер көрсететін «Ницца» гандбол клубымен ресми түрде келісім-шарт жасасқан екен.
«Наталья - өте тәжірибелі ойыншы. Ол біздің команданы күшейтетініне сенімдімін. Біз бұл спортшының бір-екі ғана ойынын тамашаладық. Дегенмен соның өзі Кулаковамен келісім-шарт жасауға жеткілікті болды», - дейді «Ницца» командасының бас бапкері Себастьен Гардило.
Айта кетейік, Наталья жаңа командасында 13-нөмірмен өнер көрсетіп жүр. Қазақстан гандбол құрамасының ойыншысы Франция лигасында жеті ойын өткізіп, 21 гол салған.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет:vesti.kz