Перу астанасы Лимада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екінші күнінде жарыс жолына шыққан Игорь Шварц жүлдегерлер қатарынан көріне алмады.
56 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз жұлқа көтеруде 98 келіні, серпе көтеруде 122 келіні еркіне бағындырды. Қос жаттығу қорытындысында 220 келі нәтижесімен сегізінші орынға тұрақтады. Ал «В» тобындағы спортшылар арасында екінші орыннан көрінді. Бұл салмақта бірінші орынды қытайлық Лин Джихсианг алса, екінші орынды вьетнамдық Нгуен Тран Анх олжалады. Үздік үштікті перулік Лопез Карранза Бранди түйіндеді.
Бүгін жарыс жолына 56 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Әйгерім Ауылбек пен 69 келіге дейінгі салмақта Арыстанбек Жақанша жарыс жолына шығады.
Айта кетейік, кеше 50 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Игорь Сон алтыннан алқа таққан болатын.
Cурет: sports.kz