ХОК қазақстандық балуанды Бейжің Олимпиадасындағы жүлдесінен айырды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
ХОК қазақстандық балуанды Бейжің Олимпиадасындағы жүлдесінен айырды
Фото ©️ vesti.kz

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында еркін күрестен күміс медаль алған қазақстандық балуан Теймураз Тигиевті жүлдесінен айырды. Бұл туралы ресми сайтында хабарлады.

БӨЛІСУ

96 келіге дейінгі салмақта белдескен қазақстандық балуанның қан сынамасынан туринабол допингі табылған. ХОК спортшының Олимпиададағы жетістігін жоққа шығарып, Қазақстан Олимпиада комитетінен спортшының жылдам аралықта жүлделерін қайтаруын талап еткен.

Теймураз Тигивтен өзге өзбекстандық балуан Сослан Тигиев (күміс медаль), украиналық ауыр атлет  Ольга Коробка (күміс медаль), ресейлік жеңіл атлет Екатерина Волкова (қола медаль), беларусь ауыр атлеттері Андрей Рыбаков (күміс медаль) пен Анастасия Новикова (қола медаль) да допинг қолданғаны үшін жүлделерін кері қайтарулары тиіс.

Сондай-ақ жүлделі орыннан көріне алмаған әзірбайжандық ауыр атлет Сардар Гасанов, кубалық қашықтыққа секіруші Вильфред Мартинес, кедергілер арқылы жүгіруден қатысқан испан Жозефин Оньидің қан сынамаларынан допинг табылған.

Айта кетейік, ХОК 2008 және 2012 жылдары өткен Олимпиада ойындарына қатысқан спортшылардың қан сынамаларына қайта тексеру жүргізуде. Осыған дейін қазақстандық бірнеше ауыр атлеттердің допинг қолданғаны туралы хабарлаған болатын. Оларға қатысты шешімін осы аптада шығаруы мүмкін екені хабарланған-ды. Алайда кей бейресми деректер бойынша оларға қатысты шешім бірнеше айдан кейін шығуы мүмкін.