Әлемге танымал швейцариялық теннисші Мартина Хингис 1-2 қазан аралығында Қазақстанға қонақ болады, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".
Спорт жұлдызы өзінің сапары кезінде Астана және Алматы қалаларында жас теннисшілерге арнап мастер-кластар беруді жоспарлап отыр.
Аңызға айналған спортшыны федерация өкілдері балалар теннисін дамыту мен насихаттау мақсатымен шақырды, делінген таратылған хабарламада.
Хингис - 1997, 1999, 2000 жылдары әлемнің бірінші ракеткасы атанған швейцариялық теннисші. Ол сонымен қатар жеке разрядта Үлкен шлемнің бес дүркін чемпионы. 1998 жылы жұптық разрядта Үлкен шлемге ие болған спортшы.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: gotennis.ru