Мюнхендік «Бавария» клубының бұрынғы бапкері, неміс маманы Юпп Хайнкес Халықаралық футбол тарихы мен статистика федерациясының (IFFHS) таңдауымен өткен жылдың үздік бапкері атанып отыр. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды.
Естеріңізге салсақ, Хайнкес өткен жылы өзі жаттықтырған «Бавариямен» бірге Германия біріншілігі мен Кубогын, сондай-ақ Чемпиондар Лигасын жеңіп алған еді.
Екінші орын өткен жылы шәкірттерімен ЧЛ финалдық кезеңіне дейін жеткен дортмундтық «Боруссия» клубының жаттықтырушысы Юрген Клоппқа тиді. Одан бөлек, ол Германия чемпионатында да күміс медаль еншілеген болатын.
Үшінші орында мадридтік «Атлетико» бас бапкері Диего Сиеоне тұр. Төртінші орынға өткен жылы ағылшын премьер-лигасын ұтып, іле-шала клубтан біржола кеткен «Манчестер Юнайтед» экс-бапкері сэр Алекс Фергюсон жайғасқан.
Рейтингтегі бесінші орын биылғы маусымнан бастап Хайнкесті алмастырған «Баварияның » қазіргі бас бапкері Хосеп (Пеп) Гвардиолаға тиді.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: sovsport.ru