Головкиннің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін?

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Головкиннің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін?
Фото ©️ Геннадий GGG Головкин (вктонтакте)

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін. Ал қарсыласы кім болмақ?

БӨЛІСУ

Қазіргі таңда Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетін боксшылар бар, Гена жұдырықтасқысы келетін боксшылар бар. Қазақстандық боксшының командасы отандасымыздың алдағы жекпе-жектеріне қарсыластар қарастыруда. CBS Sports тілшісі Лайло Фитцсиммонс GGG командасының алдағы жоспарларымен бөлісті.

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы атануы мүмкін екі боксшы бар. Оның бірі – WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына ие британдық Билли Джо Сондерс (25-0, 12 КО). Екіншісі – бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы пуэрто-рикалық Мигель Котто.

- Маған Головкиннің промоутері келесі жекпе-жегі желтоқсан айында өтетінін айтты. Ал Канеломен болатын екінші жекпе-жекті келер жылдың мамыр айына жоспарлап отыр екен. Сондай-ақ Сондерс жекпе-жек үшін қомақты сыйақы сұрауда. Ал Котто жайында «мұны түсіндірудің бір-ақ жолы бар», - деп жазды Лайло Фитцсиммонс.

Айта кетейік, Геннадий Головкин осы жылы екі жекпе-жек өткізді. 18 наурыз күні АҚШ-та америкалық боксшы Дэниель Джейкобсты жеңсе, кеше мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен тең түсті.