Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдарының иегері қазақстандық Геннадий Головкин келесі кездесуін АҚШ-та өткізеді, деп жазады baq.kz. Бұл туралы боксшының промоутері Том Леффлер хабарлады.
– Ақпан айында Мартин Мюррейді жеңетін болса, Головкин Америкаға қайта оралады. Геннадий үнемі белсенді болғанды қалайды. Сондықтан, біз Монте-Карлодағы кездесуден кейін АҚШ-қа келеміз. Келесі жекпе-жекті мамыр немесе маусым айында Калифорнияда өткізу жоспарымызда бар, – дейді Леффлер BoxingScene.com сайына берген сұхбатында.
Онда бұл оның 2015 жылғы екінші кездесуі болмақ. Леффлер осының алдында 4 жекпе-жек өткізуді көздеп отырғандарын айтқан еді.
Головкин Калифорнияда бұрын да бокстасқан еді. Былтырғы жылдың қазан айында Карсондағы StubHub Center кешенінде мексикалық Марко Антонио Рубионы нокаутқа түсірген.
Айта кетейік, Геннадий Головкин 21 ақпанда Монакода британдық Мартин Мюрреймен жолығады.
сурет: bostonherald.com