Еуропа лигасы. "Тобыл" "Пюниктен" басым түсті

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Нұржамал Үсенова>
Еуропа лигасы. "Тобыл" "Пюниктен" басым түсті

Футболдан Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі бірінші ойында "Тобыл" Арменияның "Пюник" командасынан басым түсті. Қостанайда өткен ойында 2:1 есебімен жеңіске жетті.

БӨЛІСУ

Ойындағы үш гол да екінші таймда соғылды. 49 минутта Максим Федин есеп ашса, 80 минутта Азат Нұрғалиев есепті еселеді. Ойын соңында еревандық команда бір гол соғып, есепті қысқартты.

Екі команда арасындағы қарымта кездесу келесі аптада Ереванда өтеді.