Еурокубок маусымынан клубтар қанша сыйақы алды?

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Еурокубок маусымынан клубтар қанша сыйақы алды?
Фото ©️ @legalbet

2023/2024 жылғы еурокубок маусымында UEFA клубтардың сыйақысына 1 миллиард еуродан асық қаржы жұмсады.

БӨЛІСУ

Өз тарихында 15-рет чемпион атанған "Реал Мадрид" ең көп табысқа кенелді. Олар аяқталған маусымда 118,4 млн еуро көлемінде сыйақыға ие болды.

Одан кейінгі екі орынға "Боруссия Д" мен "Бавария" орналасқан.

2023/2024 жылғы еурокубок маусымында ең көп сыйақы алған командалар:

"Реал" (Мадрид) – €118,4
"Боруссия" (Дортмунд) – €102,1
"Бавария" (Мюнхен) – €99,7
"Манчестер Сити" (Манчестер) – €87 млн
"Пари Сент-Жермен" (Париж) – €86,9 млн
"Барселона" (Барселона) – €82,1 млн
"Атлетико Мадрид" (Мадрид) – €81,7 млн
"Арсенал" (Лондон) – €73,9 млн
"Порту" (Порту) – €63,5 млн
"Наполи" (Наполи) – €58 млн

Сыйақы алушылар тізіміне Қазақстаннан 4 команда іліккен. Олар өткен маусымда еліміздің атынан қатысқан еді.

"Астана" (Астана) – €4,85 млн
"Тобыл" (Қостанай) – €1,1 млн
"Ақтөбе" (Ақтөбе) – €770 мың
"Ордабасы" (Шымкент) – €460 мың