Элизабет Тұрсынбаева Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Элизабет Тұрсынбаева Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Фото ©️ Eder

Мәнерлеп сырғанаудан VIII қысқы Азия ойындарының қыздар арасындағы бәсекесі аяқталды. Қазақстандық спортшы Элизабет Тұрсынбаева қола жүлдегер атанды.

БӨЛІСУ

Қысқа бағдарлама бойынша Элизабет 6-орын алған болатын. Еркін бағдарламада сәтті өнер көрсеткен отандасымыз үздік үштікке енді. Барлығы 175,04 ұпай жинады.

Алтын медальды Оңтүстік Корея елінің мәнерлеп сырғанаушысы Дабин Чои (184,54) жеңіп алды. Күмісті қытайлық Ли Зижун (176,60) иеленді. Тағы бір қазақстандық спортшы Айза Иманбек 132,64 ұпаймен (жеке рекорды) сегізінші орыннан көрінді.

Сондай-ақ шаңғымен трамплиннен секіруде Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста Жапониядан кейін екінші нәтиже көрсетіп, күміс медальды қоржынға салды.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 6 алтын, 8 күміс, 9 қола медаль бар. Жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді. Азия ойындары ертең аяқталады.