Ауыр атлетикадан Фиджи елінің астанасы Суведе өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медаль түсті. 87 кило салмақ дәрежесінде Дарья Ахмерова әлем чемпионы атанды.
Қазақстандық жас ауыр атлет қос жаттығу (серпе және жұлқа көтеру) бойынша да үздік шығып, кіші алтын медаль еншіледі. Ал жалпы нәтиже бойынша 236 килоны (103+133) еңсерді.
Күміс медальды ресейлік ауыр атлет Дария Рязанова еншіледі. Ол қос жаттығу бойынша 227 кило (102+125) салмақты көтерді. Қола қытайлық Тайпей елінің спортшысы Ю Су Ханға (84+108) бұйырды.
20 жастағы Дарья Ахмерова алғаш рет халықаралық жарыста бақ сынап, бірінші орыннан көрінді.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасы қоржынына қыздар арасында Карина Құзғанбаева алтын медаль салған болатын. Ал Артем Антропов күміс жүлдегер атанған еді.