Денис Тен қысқа бағдарламадан кейін 12-орында келеді (видео)

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Денис Тен қысқа бағдарламадан кейін 12-орында келеді (видео)
Фото ©️ sport-xl.org

Мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-тың Бостон қаласында басталған әлем чемпионатында отандасымыз Денис Тен қысқа бағдарламадан кейін 12-орынға тұрақтады.

БӨЛІСУ

Қазақстандық спортшы қысқа бағдарламадағы жаттығуын сәтті орындап шыға алмады. Бірнеше рет мұз айдында жығылған Денис төрешілер тарапынан 78,55 ұпайға ие болды. Нәтижесінде 12-орынға тұрақтап отыр. Отандасымыздың жоғары нәтиже көрсете алмауына осыған дейін алған жарақаты себеп болуда.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша жапон мәнерлеп сырғанаушысы Юдзуру Ханю бірінші орында келеді. Ол 110,56 ұпайға ие болды. Екінші орында 98,52 ұпаймен испандық Хавьер Фернандес, үштікті канадалық Патрик Чан (94,84) түйіндеуде.

Ерлер арасындағы еркін бағдарлама жаттығуының жарысы 1 сәуір күні өтеді. 

Бостандағы әлем чемпионатына Денис Теннен өзге әйелдер арасында Элизабет Тұрсынбаева да қатысады. Ол да бүгін қысқа бағдарламадағы жаттығуын орындау үшін мұз айдынға шығатын болады.