Париж Олимпиадасында күміс алған Демеу Жадыраев отандық және әлемдік футбол әлемінде қай құрамаға жанкүйер екенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Балуан өзі де футбол ойнағанды ұнататынын, чемпионаттарды үзбей қарайтынын жеткізді. Ол бұл туралы "Қызық times" бағдарламасында айтты.
"Футболды жақсы көремін. Испаниялық "Атлетико Мадридке" жанкүйермін. Ал Қазақстанда "Қайратты" қолдаймын", – деді ол сұхбатында.
Айта кетейік, Демеу Жадыраев сұхбатта әйелі туралы да айтқан болатын.
Еске салайық, Демеу Иманғалиұлы Жадыраев – грек-рим стиліндегі қазақстандық балуан, 2024 жылғы Париж қаласында өткен Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!