Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) украиналық Александр Усик (16-0, 12 КО) пен француз Карлос Такама (36-5-1, 28 КО) жұдырықтасатын бокс кешінде бақ сынамайтын болды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.
Рио Олимпиадасының чемпионы 25 мамыр күні Оксон-Хиллдегі бокс кешінде шаршы алаңға шығады деп күтілген. Бірақ боксшының менеджері Зия Алиев хабарлағандай, Данияр Елеусінов Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасады.
- 25 мамырда емес, 8 маусым күні Головкин жекпе-жекке шығатын бокс кешінде шаршы алаңға шығу туралы шешім қабылдадық. Қарсыласпен келіссөздер жүргізілуде, - деп хабарлады Алиев.
Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Стив Роллс арасындағы жекпе-жек 8 маусым күні (Нұр-Сұлтан уақытымен 9 маусым таңда) өтеді. Сондай-ақ бұл бокс кешінде қазақстандық тағы бір боксшы Али Ахмедов та жекпе-жек өткізеді.