Футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалында бір-бірімен кездесетін командалар белгілі болды. Дүбірлі доп додасының жеребе тастау рәсімі Швейцарияның Ньон қаласында өтті.
БӨЛІСУ
Салтанатты шараға 2004 жылғы "Алтын доп" иегері Андрей Шевченко қатысты.
Ширек финалдағы жеребе нәтижесі төмендегідей:
"Барселона" (Испания) - "Рома" (Италия);
"Севилья" (Испания) - "Бавария" (Германия);
"Ювентус" (Италия) - "Реал" (Испания);
"Ливерпуль" (Англия) - "Манчестер Сити" (Англия).
Командалар арасындағы алғашқы ойындар 3-4 сәуір аралығында өтеді. Қарымта кездесу бір аптадан кейін өтеді.
2018 жылғы Чемпиондар лигасының финалы Киевте өтеді.