Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны ауысты. Бұл туралы бас бапкер Қайрат Сәтжанов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.
"Қазіргі таңда Қамшыбек Қоңқабаев пен Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой бокста бақтарын сынайтындықтан, құрамада капитан ауысты. Команда жігіттері ақылдаса отырып, бірауыздан Асланбек Шымбергеновты таңдады", - деді жаттықтырушы.
Еске салайық, жуырда құрама капитаны болған Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой боксқа ауысқанын мәлімдеген еді. Қарағанды бокс мектебінің түлегі Suleimen Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды. Сонымен қатар, Жүсіпов әуесқойлар арасындағы турнирлерге қатысып тұрады. Алайда бас бапкер Қайрат Сәтжановтың айтуынша, үлкен жарыстардың алдында боксшы оқу-жаттығу жиындарына шақырылады. Егер бабы келісіп тұрса құрамаға қосатынын тілге тиек етті.