Жеңіл салмақта (48 кило) жұдырықтасатын қазақ боксшысы Теміртас Жүсіпов Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты. Отандасымыз жартылай финалда беларусь спортшысы Евгений Кармильчуктан басым болды.
БӨЛІСУ
Жекпе-жекте қазақстандық боксшы айқын жеңіске жетті. Бес төреші де отандасымызды жеңімпаз деп таныды. Евгений болса әлем чемпионатының қола жүлдесін қанағат тұтты.
Финалда Теміртас тай боксшысы Виттичай Юручаймен жұдырықтасады.
Айта кетерлігі, әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан сапынан тағы төрт спортшы, атап айтқанда, Сабырхан Махмұд, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов және Абылайхан Жүсіпов қолғап түйістіреді.