Асу Алмабаевтың UFС рейтингі өзгерді

Дина Ибраева Корреспондент
Дина Ибраева>
Асу Алмабаевтың UFС рейтингі өзгерді
Фото ©️ meta-ratings.kz

Асу Алмабаевтың қазандағы жекпе-жегінен кейін рейтингі күрт жоғары көтерілуі ықтимал, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

БӨЛІСУ

Бір айдан кейін кезекті жекпе-жегін өткізетін қазақстандық файтер Асу Алмабаев (20-2) UFC рейтингінде бір сатыға төмендеді. Аса жеңіл салмақта төбелесетін ол қазір 15-орында.

Еске салайық, 20 қазанға қараған түні Асу Алмабаев Лас-Вегастағы UFC FIGHT NIGHT 245 турнирінде бразилиялық Матеус Николаумен (19-4-1) жекпе-жекке шығады. Бұл қазақстандық файтер үшін алғашқы рейтингтік жекпе-жек. Оның қарсыласы рейтингте жетінші орында тұр.

Айта кетейік, Асу Алмабаев UFC лигасына былтыр тамыз айында келді. Сол уақыттан бері элиталық лигада үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіске жеткен. Қарсыласы Матеус Николау болса UFC-де он жекпе-жек өткізіп, оның жетеуінде жеңіске жетіп, қалған үшеуінде жеңілген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!