Қазақ көкпаршылары қырғыздармен қарымта ойынға бара ма? – кесімді пікір айтылды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақ көкпаршылары қырғыздармен қарымта ойынға бара ма? – кесімді пікір айтылды
Фото ©️ News/Ұлттық спорт (telegram.com)

Кеше көкбөріден Қырғызстан құрамасының өкілдері Қазақстанмен қарымта ойын өткізу жайлы ұсыныс жолдаған. Бүгін белгілі журналист Аслан Қаженов бұл жайтқа қатысты келелі ойы мен кесімді пікірін білдірді. Ол мамандармен сөйлесіп, реванш болмайтынын әлеуметтік желісінде жазды. 

БӨЛІСУ

"Қырғызстан көкбөрі федерациясы басшысының ұсынысын көрдім. Абсурд қой. Кейін өзіміздің салаға жауапты мамандармен сөйлестім. Қысқасы, қараша айында реванш болмайды. Оның ешқандай мәні жоқ және оны өткізуге ешқандай негіз де жоқ", - дейді журналист. 

Сондай-ақ Аслан Қаженов қырғыздарға Көшпенділер ойындарындағы жеңілісті қабылдап, келер жарысты күткенін жөн санайды. 

"Сіздердің жоспарыңыз орындалмағанына біздің жігіттер кінәлі емес. Сіздердің ғана көңіліңізге қарап, жеңіліп қалуға тағы болмайды. Бұнда да қалың ел бар. Олардың да қуануға қақы бар", - дейді. 

Жарыс соңынан Қазақстан тарапы қырғыздарға дастарқан жайып, диалогқа шақырғанын жазды. 

Айта кетейік, Көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары арасындағы ойында қақтығыс болған еді. Кейіннен ойын жалғасып, отандастарымыз 5:4 есебімен жеңіске жетті. Көкбөріде қырғыздар айқын басым шықты.