Астанада бокстан Азия чемпионаты өтеді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Астанада бокстан Азия чемпионаты өтеді
Фото ©️ ©Olympic.kz

25 сәуір мен 8 мамыр аралығы Астанада жастар арасында (U-22) бостан Азия чемпионаты өтеді, – деп хабарлайды ҚБФ баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ

Құрлықтық жарысқа Азияның 25 елінен 500-ге жуық боксшы қатысады. Жекпе-жектер олимпиадалық жүйе бойынша екі түрлі жас категориясында өтеді:

U-22 (2002-2005 жылы туғандар):

Жігіттер: 46-48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63,5 кг, 67 кг, 71 кг, 75 кг, 80 кг, 86 кг, 92 кг, +92 кг.
Қыздар: 45-48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63 кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг.

Жастар (2006-2007 жылы туғандар):

Бозбалалар: 46-48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63,5 кг, 67 кг, 71 кг, 75 кг, 80 кг, 86 кг, 92 кг, +92 кг.
Бойжеткендер: 46-48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63 кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг.

Бұл турнирді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қоса, жекпе-жектерді Қазақстан бокс федерациясының YouTube-тегі арнасынан тамашалауға болады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 7-8 мамырда анықталады. 

Көрермен үшін кіру тегін.

🔹Айта кетейік, Қазақстан бокс федерациясы бұған дейін де жасөспірімдер мен жастар арасында құрлықтық чемпионаттарды ұйымдастырған. 2007 жылы Алматыда жастар арасындағы Азия чемпионаты өткен. 2013 жылы Шымкент қаласы жасөспірімдер арасындағы құрлықтық біріншілікті қабылдады. Ал 2016 жылы "Сары құрлық" чемпионаты Павлодарда өтті. Сонымен қатар былтыр елордада жасөспірімдер және жастар арасында Азия чемпионаты ұйымдастырылды. Енді міне, еліміз U-22 Азия чемпионатын да қабылдайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!