«Арландар» жаңа маусымды 3 ақпанда бастайды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«Арландар» жаңа маусымды 3 ақпанда бастайды
Фото ©️ astanaarlans.kz

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) бақ сынайтын «Astana Arlans» топтағы алғашқы кездесуін Ресейден бастайды. Отандастарымыз 3 ақпан күні «Russian Boxing Team» командасымен жұдырықтасады.

БӨЛІСУ

«WSB» жобасының 2017 жылғы маусымына қатысушы командалар орналасқан құрлықтары бойынша төрт-төрттен америкалық, еуропалық және азиялық болып үш топқа (жобаға барлығы 12 команда қатысады) бөлінді. «Astana Arlans» топта (азиялық) «China Dragons» (Қытай), «Uzbek Tigers» (Өзбекстан) және «Russian Boxing Team» (Ресей) командаларымен бірге бақ сынайды. Команданың жарыс кестесі төмендегідей:

3 ақпан

«Russian Boxing Team» (Ресей) - «Astana Arlans» (Қазақстан)
«China Dragons» (Қытай) - «Uzbek Tigers» (Өзбекстан)

17 ақпан

«China Dragons» - «Russian Boxing Team»
«Astana Arlans» - «Uzbek Tigers»

3 наурыз

«Astana Arlans» - «China Dragons»
«Uzbek Tigers» - Russian Boxing Team

17 наурыз

«Astana Arlans» - «Russian Boxing Team»
«Uzbek Tigers» - «China Dragons»

31 наурыз

«Russian Boxing Team» - «China Dragons»
«Uzbek Tigers» - «Astana Arlans»

21 сәуір

«China Dragons» - «Astana Arlans»
«Russian Boxing Team» - «Uzbek Tigers»

Айта кетейік, «Astana Arlans» еліміздегі жекпе-жектерін Талдықорған, Атырау мен Тараз қалаларында өткізеді деп жоспарлануда. Осыған дейін команда негізгі құрамын жариялаған болатын.

Командада Нұрлан Ақүрпеков аға жаттықтырушы қызметінде қалды. Ал ұлттық құрама жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов кеңесші ретінде өз көмек қолын созатын болады. Сондай-ақ командада Нұркен Андасов, Ермек Ертаев пен Болат Жұмаділов секілді тәжірибелі жаттықтырушылар қызмет жасайтын болады.