Алматыдағы Универсиадаға қатысатын елдер саны рекордтық көрсеткішке жетті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Алматыдағы Универсиадаға қатысатын елдер саны рекордтық көрсеткішке жетті
Фото ©️ Рауан Оқас

2017 жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиада - қатысуға өтініш білдірген елдер саны бойынша рекордтық көрсеткішке жетті. Доданың ресми сайтында жүргізілген аккредитацияның бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша, 64 елдің студенттік спорт федерациялары ресми өтініштерін жіберген.

БӨЛІСУ

Қатысушы мемлекеттер (FISU классификаторы бойынша):

Еуропа: Германия, Швейцария, Норвегия, Ұлыбритания, Франция, Латвия, Польша, Ресей Федерациясы, Словакия, Италия, Швеция, Грузия, Австрия, Венгрия, Финляндия, Чехия, Түркия, Украина, Испания, Словения, Беларусь, Хорватия, Эстония, Румыния, Македония, Босния және Герцеговина, Болгария, Әзірбайжан, Сербия, Литва, Армения, Нидерланд, Бельгия, Португалия, Израиль, Черногория.

Америка: Америка Құрама Штаттары, Канада, Бразилия, Аргентина, Чили.

Азия: Жапония, Қытай, Қазақстан, Корея Республикасы, Моңғолия, Ауғанстан, Қытай Тайпэйі, Түрікменстан, Тайланд, Қырғызстан, Ливан, Гонконг (Қытай), Тәжікстан, БАӘ, Пәкістан, Иран, Непал.

Африка: Оңтүстік-Африка Республикасы, Уганда, Мадагаскар, Гамбия.

Мұхиттық елдер: Австралия, Жаңа Зеландия.

Айта кетейік, 2007 жылы Италияның Турин қаласында өткен қысқы Универсиадаға 48 ел қатысқан. Ал 2011 жылы Түркияның Эрзурум қаласында өткен ойындарда – 52 ел, Трентино (Италия) – 50 ел, Гранада, Штрбске-Плесо (Испания, Словакия) – 42 ел қатысты.