Алматыда өтетін қысқы Универсиаданың медальдары таныстырылды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Алматыда өтетін қысқы Универсиаданың медальдары таныстырылды
Фото ©️ vesti.kz

Алматыда өтетін қысқы Универсиада ойындарының медальдары таныстырылды. Сондай-ақ "Алматы Арена" мұз айдынында өткізілген баспасөз конференциясында Универсиада-2017 қысқы ойындары кезіне жоспарланған мәдени шаралар туралы айтылды. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады. 

БӨЛІСУ

Қазақстандық жарыстар бірегей болмақ, себебі шаңғы жарысы, биатлон, шаңғыдан қоссайыс, тау шаңғы спорты, фристайл, сноуборд сияқты спорт түрлерінен жеңімпаздар елімізде бірінші рет Тәуелсіздік сарайында (Универсиаданың "Медал Плаза" нысаны жұмыс істейді) марапатталады. Бұл жерде күніне 10 медаль табыс ету жоспарланған. 

- Жеңімпаздар бейресми түрде жарыс алаңы болған жерде марапатталады, алайда олар медальдарын "Медал Плаза" нысанында қолына алады. Медальдар Универсиаданың брендбугіне сай жасалған. Біз медальдарға ұлттық нақыштағы өрнектерді енгіздік. Медальдар еліміздің өндірісі, олар теңге сарайында жасалды, - деді "Универсиада-2017 ойындарын дайындық және өткізу дирекциясы" басшысының орынбасары Камила Лұқпанова.

Универсиада кезінде 12 спорт түрінен 85 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.

Медальдар Қазақстан теңге сарайында жасалған. Медальдың бетінде Халықаралық студенттер спорты федерациясының логотипі, ойындардың атауы және өтетін орны белгіленген. Ал кері бетінде Универсиаданың логотипі бар.

Еске сала кетейік, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтарынан бастап 8 ақпаны аралығында Алматыда өтеді. Қысқы универсиада бағдарламасына мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғымен жарысу, шайбалы хоккей (әйелдер мен ерлер арасындағы), керлинг, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру спорты, фристайл секілді 12 спорт түрі кірген. Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.