Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан әлем чемпионаты басталды. Күні кеше жеребе тастау рәсімі өтіп, қазақ боксшыларының алғашқы қарсыластары анықталды.
Төрткүл дүниенің кіл мықты боксшылары бақ сынайтын жарысқа Қазақстан құрамасы тас-түйін дайындықпен барды. Бәсекені ертең бастайды. Ұлттық құрама сапында алғаш болып 81 кило салмақта Бекзат Нұрдәулетов шаршы алаңға көтеріледі. Ол Оңтүстік Кореядан келген Инжи Хонмен жұдырықтасады. Кездесудер Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де басталады.
52 кило
Сәкен Бибосынов - Харху Энхимандах (Моңғолия)
57 кило
Қайрат Ералиев - Шарафа Раман (Германия)\ Йоэль Сегундо Финоль Ривас (Венесуэла) жұбының жеңімпазы
63 кило
Закир Сафиуллин - Бахтияр Газибеков (Әзірбайжан)
69 кило
Абылайхан Жүсіпов - Вуттичай Масук (Тайланд)\ Долголевец Евгений (Беларусь) жұбының жеңімпазы
75 кило
Тұрсынбай Құлахмет - Милос Бартл (Чехия)\ Михаил Остроумов (Израиль) жұбының жеңімпазы
81 кило
Бекзат Нұрдәулетов - Хонг Инги (Оңтүстік Корея)
91 кило
Василий Левит- Сандагсурен Ергембаяр (Моңғолия)\Дэвид Мишалек (Словакия) жұбының жеңімпазы
+91 кило
Қамшыбек Қоңқабаев - Гадфа Дрисси (Испания)\Белберов Петар Руменов (Болгария) жұбының жеңімпазымен шығады
Бүгін жарыстың ашылу салтанаты өтті. 75 және 91 кило салмақта алғашқы жекпе-жектер болады.