"Үлкен дулыға" санатына енетін US Open жарысының бірінші финалдық бәсекесі аяқталды. Әйелдер арасындағы басты ойында 18 жастағы британдық теннисші Эмма Радукану топ жарды.
Финалда Эмма Радукану канадалық Лейла Фернандеспен кездесті. 1 сағат 51 минутқа созылған ойында 6:4 және 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Британдық теннисші US Open жарысында нағыз сенсация жасады. Ол турнирдегі аутсайдер спортшылардың бірі болатын. WTA рейтингінде 150-орында тұрған. Жарысты іріктеу кезеңінен бастады. Бірде-бір сетте қарсыластарына есе жібермеді.
Финалда ойнаған Лейла Фернандес те 19 жастағы теннисші. WTA рейтингінде 73-орында. Осы жарыста ерекше ойынымен жанкүйерлерді таңғалдырды. 1999 жылдан кейін алғаш рет финалда 20 жасқа толмаған теннисшілер бақ сынады.