Жартылай орта салмақта UFC чемпионы Леон Эдвардс (23-3) UFC 300 турнирінде қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (18-0) айқасу ұсынылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сонымен бірге, британиялық чемпионға жеңіл салмақта титулы бар Ислам Махачев және орта дивизиондағы Хамзат Чимаевты қарсылас ретінде ұсынған екен. Алайда Эдвардс америкалық Белал Мухаммадпен шыққысы келген.
- Мен Белалмен жекпе-жекті бұрыннан сұрап келемін. UFC 300 турниріне үш қарсылас ұсынды. Кез келгенімен айқасуға дайын едім, бірақ сұрадым: "Белал ше?" деп. Бұл сұрауымды қабылдамады.
- Сағат Ислам, Шавкат немесе Хамзатпен жұдырықтасуды ұсынғаны рас па?
- Иә. Мен кез келгенімен төбелесемін дедеім, өйткені бұл үлкен кард және карьерама оңды әсер етеді. Бірақ бәрібір болмады, сосын мен Белалмен жекпе-жекті ұсындым. Сосын олардың қызығушылығы оянды", - дейді британиялық файтер Ариэль Хельваниге сұхбатында.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!