Australian Open жарысын сегізінші мәрте ұтқан Новак Джокович рекорд орнатты

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Айбар Рысдәулет>
Australian Open жарысын сегізінші мәрте ұтқан Новак Джокович рекорд орнатты
Фото ©️ РК

Сербиялық теннисші Новак Джокович Аустралия ашық чемпионатының финалында аустриялық Доминик Тимді жеңді.

БӨЛІСУ

Джокович финалдық кездесуде қарсыласын 6:4, 4:6, 2:6, 6:3, 6:4 есебімен ұтқан. Теннисшілер төрт сағат ойнады. 

32 жастағы теннисші манабында "Үлкен дулығаны" 17-ші мәрте жеңіп, рекорд орнатты. Сондай-ақ қатарынан екінші рет жеңімпаз атанды.