Месси жыл соңына дейін Аргентина құрамасында ойнамайды

Аслан Қажиев Корреспондент
Месси жыл соңына дейін Аргентина құрамасында ойнамайды
Фото ©️ life.ru

Аргентина құрамасының шабуылшысы және капитаны Лионель Месси 2018 жылдың соңына дейін ұлттық құрама сапында алаңға шықпайды. Бұл туралы TNT Sports басылымы Twitter желісінде жазды.

БӨЛІСУ

Хабарламада: "Месси жыл соңына дейін Аргентинаның құрамында ойнамайды. Алайда, бұл жағдай футболшының халықаралық мансабы аяқталғанын білдірмейді. Оның нақты қай уақытта құрамаға қайта оралатынын алдағы уақытта жазатын боламыз", - делінген.

Хабар таратқан басылымның журналисі Эрнан Кастильоның жеке пайымы бойынша, 31 жастағы футболшы Ресейде өткен Әлем чемпионатындағы сәтсіздіктен кейін осындай шешімге келген. Сол себепті, ол 7 қыркүйекте өтетін Аргентина-Гватемала және 11 қыркүйекке жоспарланған Аргентина-Колумбия жолдастық кездесулеріне қатыспайды.