Бразилиялық футболшы Роналдо ауруханаға түсті

Аслан Қажиев Корреспондент
Бразилиялық футболшы Роналдо ауруханаға түсті
Фото ©️ juvenews.eu

Бразилияның даңқты футболшысы Роналдо денсаулығының нашарлауына байланысты ауруханаға түсті. Бұл туралы Италияның БАҚ өкілдері хабарлады.

БӨЛІСУ

Ардагер спортшы Испанияның Ибица елді мекенінде демалыста жүрген. Күтпеген жерден денсаулығы сыр берген Роналдоны жергілікті тұрғындар жекеменшік ауруханалардың біріне жеткізді. Медицина қызметкерлерінің баяндауы бойынша, спортшының пневмония ауруына шалдыққаны расталды.

Роналду Луис Назариу ди Лима 1976 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында дүниеге келген. Футболдан екі дүркін әлем чемпионының есімі аталған спорт тарихындағы ең үздік футболшылар қатарына енді. Бразилиялық шабуылшы өзінің спорттық мансабында Барселона (1996-1997), Реал Мадрид (2002-2007), Милан (2007-2008) сияқты танымал клубтардың сапында өнер көрсетті.