Азия ойындарына қатысатын дзюдошылар анықталды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Азия ойындарына қатысатын дзюдошылар анықталды
Фото ©️ fdk.kz

Индонезия елінің астанасы Джакартада өтетін Азия ойындарына қатысатын қазақстандық дзюдошылар есімі белгілі болды. Бұл туралы дзюдо федерациясының ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

XVIII жазғы Азия ойындарында 42 спорт түрінен 476 медаль сарапқа салынады. Ал дзюдо бойынша сайыстар 29 тамыз бен 1 қыркүйек күндеріне белгіленген. Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы жылдың басты додасына қатысу үшін 25 тамыз күні Индонезияға аттанады.

- Қазіргі таңда Ақмола облысы, Щучинск қаласында орналасқан "Жақсы" спорт базасында Азия ойындары алдындағы оқу-жаттығу жиынының екінші кезеңін өткізіп жатыр. Жаттығу жиынында Азия ойындарына қатысатын барлық дзюдошылар бар. Біз оларды 2018 жылдың басынан бастап өткен Гран При, Grand Slam сынды ірі жарыстардағы көрсеткіштеріне қарай іріктеп алдық. Ұлттық құрамадағы спортшылардың тыңғылықты дайындықтарына қарап, Азия ойындарында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдені жоспарлап отырмыз, - дейді дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Айдын Смағұлов.

Азия ойындарына қатысатын дзюдошылар:

Ерлер:

Елдос Сметов (-60 кг)
Елдос Жұмақанов (-66 кг)
Жансай Смағұлов (-73 кг)
Дидар Хамза (-81 кг)
Ислам Бозбаев (-90 кг)
Виктор Демьяненко (-100 кг)
Санжар Жабборов (+100 кг)
Ерасыл Қажыбаев (mix)

Әйелдер:

Отгонцэцэг Галбадрах (-48 кг)
Камшат Қарасайқызы(-52 кг)
Севара Нишанбаева (-57 кг)
Иоланта Бердібекова (-63 кг)
Зере Бектасқызы (-70 кг)
Зарина Райфова (-78 кг)
Гүлжан Исанова (+78 кг)