"Астана" – "Сутьеска" 1:0. Бірінші жеңіс

Massaget.kz Корреспондент
"Астана" – "Сутьеска" 1:0. Бірінші жеңіс
Фото ©️ fcastana.kz

Футболдан 2018/2019 жылдар маусымындағы Чемпиондар лигасына іріктеу кезеңінің алғашқы ойнында қазақстандық “Астана” клубы черногориялық “Сутьеска” клубын 1:0 есебімен жеңді. 

БӨЛІСУ

Ойындағы жалғыз голды 29 минутта пенальтиден шабуылшы Роман Муртазаев салды. “Астана” Серікжан Мужиков, Джордже Деспотович, Роман Муртазаев, Марин Томасовтан тұратын шабуыл шебі арқасында бірнеше қауіпті сәттер жасады. 

Роман Григорчук бастап шыққан астаналықтар қарсылас қақпасына 16 соққы бағыттап, оның 9-ы қақпаға дәл бағытталды. 

Екінші кездесу 19 шілдеде Астана уақытымен сағат 00:00-де Черногорияның Никшич қаласында өтеді.