"Қайрат" футбол клубының қатары екі легионермен толықты

О Сансызбай Корреспондент
"Қайрат" футбол клубының қатары екі легионермен толықты
Фото ©️ fckairat.kz

Қайрат футбол клубы Еуропа лигасы алдында екі бірдей ойыншымен толықты. Алматылық ұжым Венгрия құрамасының шабуылшысы Мартон Эппель және беларусь қорғаушысы Сергей Политевичті қатарларына қосты.

БӨЛІСУ

Команда Мартон Эппельмен 1,5 жылдық келісімшартқа қол қойған. Егер футболшы сәтті ойнап жатса, келісімді тағы 1 жлыға ұзарту жоспары бар.

Венгрияның МТК командасының түлегі "Дунайварош", "Пакш" (екеуі де - Венгрия), "Олдхэм" (Англия) және НЕК (Нидерланд) клубтарында ойнаған. Венгрия құрамасы сапында 5 ойынға қатысқан.

Соңғы рет "Гонвед" клубында доп тепкен. 70 ойынға қатысып, 35 гол соққан.

Сергей Политевич болса Түркияның "Генчербирлиги" клубынан ауысып келді. Беларусь құрамасының негізгі қорғаушыларының бірі. Алматылық ұжыммен 3,5 жылдық келісімшартқа қол қойды.