«Канело» екінші кездесуде Головкинді нокаутқа түсіретінін айтты

Аслан Қажиев Корреспондент
«Канело» екінші кездесуде Головкинді нокаутқа түсіретінін айтты
Фото ©️ постер

Өткен жылдың 16 қыркүйегінде әлем назарын тіккен Сауль Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы кездесуден кейін спорт сүйер, бокс сүйер көрермен екінші кездесуді асыға күтіп жүргені анық.

БӨЛІСУ

5 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтетін айқасқа алдын-ала жаттығу жұмыстары басталып кетті. Осыған орай, Лас-Вагеста баспасөз жиыны өтті.

Жиын барысында екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Сауль «Канело» Альварес орта салмақтағы  WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді міндетті түрде нокаутқа түсіретініне сенімді екенін жеткізді.

«Қарсыласым Головкинді сыйлаймын және оның соққысы да мықты екенін жақсы білемін. Бірақ, ауыз толтырып айтарлықтай жойқын деп айта алмаймын. Мен онымен кез келген жерде қолғап түйістіруге сақадай саймын және өзімнің жеңетініме сенімдімін.

Бірінші кездесудің алдында кейбір сарапшылар Головкиннің жеңіске жетіп, мені нокаутқа түсіретінін айтты. Бұл болжам көргендеріңіздей қате болды. Бірінші кездесуде өзімді жеңімпазбын деп есептеймін. Ал, екінші кездесуде маған күмән келтіргендердің барлығының аузын жабамын.

Жекпе-жектің алдында жарнама үшін біз бір-бірімізді балағаттамаймыз. Бұл кездесуге келетін жанкүйерлердің қатары онсыз да көп. Мен Головкинді нокаутқа түсіруге уәде беремін!»