Жан Кособуцкий қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

О Сансызбай Корреспондент
Жан Кособуцкий қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді
Фото ©️ profiboxing.kz

Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.

БӨЛІСУ

Қазақстандық боксшы кәсіпқой шаршы алаңдағы үшінші кездесуін Мәскеудегі "Крылья Советов" спорт кешенінде өткізді. Қарсыласы украиналық Александр Нестеренко болды. Ол кәсіпқой бокста он жеті кездесу өткізіп, тоғызында жеңіске жетсе, сегіз кездесуінде жеңілген.

Сегіз раундқа жоспарланған кездесуде отандасымыз бірінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа түсірді. Нәтижесінде Жан Кособуцкий кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісін тойлады.

Еске салайық, 29 жастағы отандасымыз кәсіпқой боксқа биыл ауысқан еді. Әуесқой бокста 2013 жылы Казанда өткен Универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанған. Сонымен қатар ол Қазақстан біріншілігін 2010, 2012 және 2013 жылдары үш рет жеңіп алды.