Али Ахмедов чемпиондық атағын қорғап қалды

О Сансызбай Корреспондент
Али Ахмедов чемпиондық атағын қорғап қалды
Фото ©️ vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедов WBC тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақта жастар арасындағы әлем чемпионы атағын қорғап қалды. Сондай-ақ құрлықтық Солтүстік Америка (NABF) чемпиондық атағы да бәске тігілді.

БӨЛІСУ

Алғашында Алидің қарсыласы америкалық Роберто Сильва (кішісі) болған еді. Кейіннен қарсыласы ауысып, ДеШон Уэбстермен жұдырықтасты. Жекпе-жек 10 раунд бойы жалғасып, отандасымыз айқын басымдық танытты. Отандасымыз төрешілер шешімі бойынша 100-88, 100-89, 99-89 есебімен жеңіп шықты.

Али Ахмедов кәсіпқой бокстағы 10-шы жеңісіне қол жеткізіп отыр.