Геннадий Головкин The Ring журналының мұқабасына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Геннадий Головкин The Ring журналының мұқабасына шықты
Фото ©️ НВО

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин танымал The Ring журналының желтоқсан айындағы мұқабасына шықты.

БӨЛІСУ

- Осы айдағы журналдың мұқабасында P4P-рейтингісінің көшін бастап тұрған Геннадий Головкин, - деп жазды The Ring instagram желісіндегі парақшасында.

Қазақстандық боксшы белгілі журналдың мұқабасына шығуы туралы "The Ring, осындай құрметтеріңізге рақмет" – деп алғысын білдірді.

GGG The Ring журналының салмақ дәрежесіне тәуелсіз боксшылар рейтингінде көш бастап тұр. 

Айта кетейік, қазіргі таңда Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің командасы екінші жекпе-жек жайында келіссөздер жүргізіп жатыр. Осыған дейін жарияланған ақпараттар бойынша қос боксшы арасындағы бокс кеші 5 мамырда өтуі мүмкін.