Чемпиондар лигасы. "Барселона" мен "Бавария" топтық кезеңде рекорд жаңартты

О Сансызбай Корреспондент
Чемпиондар лигасы. "Барселона" мен "Бавария" топтық кезеңде рекорд жаңартты
Фото ©️ eurosport.ru

Футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің соңғы ойындары өтуде. Түнде А, В, С және D топтарындағы ойындар аяқталды. Назарларыңызға сол ойындардың нәтижелері мен жаңарған рекордтарды ұсынамыз.

БӨЛІСУ

Алдымен Чемпиондар лигасы тарихында жаңарған рекордтар жайында айта кетсек. Осыған дейін Париждің ПСЖ футбол клубы топтық кезеңдегі голдар саны бойынша рекорд жаңартқан еді. Соңғы турда тағы бір гол соғып, нәтижелерін арттырды.

Мюнхеннің "Бавария" командасы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңында 22 ойын қатарынан гол соғып, рекорд жаңартты. Сондай-ақ каталондық "Барселона" топта 11 маусым қатарынан бірінші орын алып, үздік нәтиже көрсетіп отыр.

Түнде өткен ойындар қорытындысы бойынша "Манчестер Юнайтед", "Базель", "Рома", "Челси" мен "Ювентус" командалары 1/8 финалға жолдама алды. Сондай-ақ Еуропа лигасына қатысатын төрт команда белгілі болды.

"A" тобы

"Манчестер Юнайтед" (Англия) - ЦСКА (Ресей) – 2:1
Голдар: Ромелу Лукаку, 64, Маркус Рэшфорд, 66 - Алан Дзагоев, 45+1

"Бенфика" (Португалия) - "Базель" (Швейцария) – 0:2
Голдар: Мохамед Эльюнусси, 5, Димитри Оберлен, 65

"B" тобы 

"Бавария" (Германия) - ПСЖ (Франция) – 3:1
Голдар: Роберт Левандовски, 8, Корентен Толиссо, 37, 69 – Килиан Мбаппе, 50

«Селтик» (Шотландия) - «Андерлехт» (Бельгия) – 0:1
Гол соққан: Йозо Шимунович, 62 (автогол)

"C" тобы 

"Рома" (Италия) - "Карабах" (Әзірбайжан) – 1:0
Гол соққан: Диего Перотти, 53

"Челси" (Англия) - "Атлетико" (Испания) – 1:1
Голдар: Стефан Ставич, 75 (автогол) – Сауль, 56

"D" тобы

"Барселона" (Испания) - "Спортинг" (Португалия) – 2:0
Голдар: Пако Алькасер, 59, Жереми Матье, 90+1 (автогол)

"Олимпиакос" (Грекия) - "Ювентус" (Италия) – 0:2
Голдар: Хуан Куадрадо, 15, Федерико Бернардески, 89

Төмендегі кесте бойынша топта үшінші орын алған команда Еуропа лигасында бақ сынайды.